ProZ.com translation contests » Propose a source text » Kazakh source text proposed by Gulnar Sultanbek


In order to determine which proposed source texts are the suitable for use in ProZ.com contests, proposers and participants are encouraged to "highlight" (like contest entry tagging) and discuss proposed source texts. A good contest source text should pose a reasonable challenge to translators, while allowing for "separation". Refer to the "Propose a source text" overview page for all source text proposal guidelines.

Al Farabi

Әл-Фараби тарихтан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетіне үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны. Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмут Түрпан. Батыстың білім әлемінде оны Әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды. өзі діншіл адам еді. Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін. Ол парсы, араб, латын және грек тілдерін үйренді. әсіресе грек ойшылдары Аристотель мен Платон пікірлерінің синтезін жасауға және Сократ философиясының негізін жарыққа шығаруға көп еңбек етті. Фараби музыкамен де айналысқан, тіпті «канун» деп аталған аспапты (домбыраға ұқсас) өзі ойлап шығарған және осы аспаппен бірнеше әндер де шығарған. Оның «музыка кітабы» - музыка жөнінде жазылған алғашқы ғылыми зерттеу. Фараби Алепподан Шамға ( Дамаск), Шамнан Каирге сапар шеккенде жұрт арасына өзінің пікірлерін таратқан, білімге қызмет еткен. Ол Алеппода 950 жылы қаңтар айында қайтыс болып, Шам қаласының жанындағы Баб-ул-Сағыр деген жерде жерленді. Фарабидің ойы, көз қарастары, өте жемісті еңбектері, түсіндіргісі келген ойын өте жеңіл түсіндіре алатын қасиеті Шығысты да, Батысты да таңқалдырды. Әбу Насыр Әл-Фараби (870— 950) — қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, астролог, музыка теоретигі. Ол әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шам, Самарқан, Бұқара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған. Ол түркі ойшылдарының ең атақтысы, әлемдегі екінші ұстаз атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Орта Азия, Парсы, Иран, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейген ол көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасады. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл. Философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған.) Адамның өз болмысын өзі танып-білуіне философиялық тұжырымдар жасаған. Бұл мәселені логика, этика, педагогика тұрғысынан кейіннен саралап, өзара сабақтастықта қарастырады. Ол рухани бастауларды жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қанағаттанудан, бағыттан іздестірді. “қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің санатты сөздері” және т.б. еңбектері бар. ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. Астрономияға байланысты еңбектеріне “Алжебрге түсініктеме”, “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабын” жатқызуға болады. Арифметика саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе”, физика саласында “Вакуум туралы”, медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, музыкаға байланысты “Музыканың ұлы кітабы” еңбектері әлемді мойындатқан дүниелер.
  • No positive highlights


General notes about this proposed source text

Discussion about this source text as a whole.
Rank by:
Why I made a choice on Al-Farabi to be translated in the annual contest on Proz.com? Born in Wasij, it is known as Otyrar at present, he laid a foundation in learning with belief. Al-Farabi had a great desire to understand the universe and human